Амлодипин Вива Фарм

Жаңалықтар

Амлодипин Вива Фарм

17 маусым

ВИВА ФАРМ компаниясы Семей қ. ядролық медицина және онкология орталығымен ынтымақтастықта дәрілік препаратты клиникалық зерттеу жөніндегі жобаны сәтті аяқтағанын хабарлауға қуаныштымыз. Сау еріктілердің қатысуымен Амлодипин Вива Фарм салыстырмалы фармакокинетикасын және дәрілік заттың биоэквиваленттілігін зерттеу бойынша ашық, рандомизацияланған, айқаспалы, екі кезеңді зерттеу жүргізілген болатын.

Екі кезеңді зерттеу жобаның бас зерттеушісі, директордың емдеу-диагностикалық жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD докторы Қуантқан Жабағиннің жетекшілігімен өтті, зерттеу тобының құрамында орталықтың 10 астам қызметкері қатысты.

Бұл зерттеу жаңа препарат Амлодипин Вива Фарм әзірлеу кезеңдерінің бірін аяқтау болып табылады. Оның өндірісі пациенттерді жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларын емдеуге арналған сапалы және қол жетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге көмектеседі.

ВИВА ФАРМ Семей қ. ядролық медицина және онкология орталығына жемісті және жоғары кәсіби ынтымақтастығы үшін үлкен алғысын  білдіреді.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть