Еуразиялық Фармацевтикалық Саммиті

Жаңалықтар

Еуразиялық Фармацевтикалық Саммиті

27 қазан

2022 жылғы 12-14 қазанда Өзбекстан Республикасының астанасында Азия мен ТМД елдерінің фармацевтика саласының өміріндегі маңызды оқиға Еуразиялық Фармацевтикалық Саммиті өтті.

Саммит ТМД елдерінің сала көшбасшыларын, ірі жергілікті және халықаралық фармацевтикалық компанияларды, өңірдің мемлекеттік денсаулық сақтау органдарының өкілдерін өңірдің индустриясы мен дәрілік заттар нарығының стратегиялық дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін біріктірді.

Іс-шара жұмысы заманауи және серпінді тәсілімен ерекшеленді, пленарлық отырыстар панельдік пікірталастар сессияларымен алмасып отырды.

Құрылтайшы Батырбек Әукенұлы Машкеев бастаған ВИВА ФАРМ компаниясының командасы осы өкілді конгрестің жұмысына белсене қатысты.

Б.А. Машкеевтің «Пациенттер үшін дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттырудың кепілі ретінде мемлекеттік сатып алу жүйесін дамыту» сессиясында сөз сөйлеуі барысында өндіруші компаниялар үшін ынталандырушы бәсекелестік ортаны құру барысында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері және осы процесті реттеудегі мемлекеттің рөлі атап өтілді.

ВИВА ФАРМ компаниясы үшін жағымды және маңызды оқиға «Жылдың жергілікті компаниясы» номинациясында жеңіске жеткен сапалы және заманауи дәрілік заттарды өндірудегі сіңірген еңбегінің мойындалуы болды.

«Біз Саммит ұйымдастырушыларына ризамыз және әріптестеріміздің мойындауын жоғары бағалаймыз», —деді Батырбек Әукенұлы. «Бұл марапат бізді жаңа жетістіктерге шабыттандырады. Біз Қазақстан мен Еуразия елдері үшін сапалы және қолжетімді препараттар өндірісін дамытуды жалғастыратын боламыз».

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть